Жаңалықтар
Математика және физика пәндері мұғалімдерінің ІІ республикалық шығармашылық конкурсының қорытындысы

Қазақстандық қоғамдық бірлестігі және О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының басшылығының ұйымдастыруымен 2014 жылғы 25-26 қыркүйек аралығында математика және физика мұғалімдерінің ІІ республикалық шығармашылық конкурсы өткізілді. Мақсаты: мұғалімдердің мәртебесін көтеру, кәсіби өсуіне жағдай жасау, республика бойынша қалалық және ауылдық мектептерде математика мен физикалық білім беруге үлес қосу, пән бойынша білім сапасын арттыру.

 
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасындағы «Алаш жырының Ақ шағаласы» атты облыстық байқауы туралы ақпарат

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2014 жылдың  22 қыркүйегінде Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары арасында ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыра отырып поэзияға қызығушылықтарын дамыту, әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында «Алаш жырының Ақ шағаласы» атты облыстық байқауы оздырылды.

 
«Біз дені сау ұрпақпыз» сайысы

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде «Денсаулық фестивалі-2014»  акциясы шеңберінде облыстық экологиялық-биологиялық орталығының үйірме мүшелері мен ата-аналар және қосымша білім беру педагогтары арасында «Біз дені сау ұрпақпыз» сайысы ұйымдастырылды.

 
«Тірек мектебі (ресурстық орталығы) білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық әдістемелік семинар

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні Шыңғырлау ауданының Л.Қылышев атындағы Шилі жалпы орта білім беретін мектебінде «Тірек мектебі (ресурстық орталығы) білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар  өткізілді. Семинарға Бөрлі, Зеленов, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің шағын жинақты мектептері мен тірек мектептеріне (ресурстық орталық) жетекшілік жасайтын мамандар, әдіскерлер, ресурстық орталықтың директорлары, орынбасарлары, магниттік мектептердің директорлары, орынбасарлары, мұғалімдері қатысты.

 
Аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесінің қорытындысы

2014 жылдың 19-27  тамыз аралығында облыс аудандарында «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбында тамыз кеңесі өткізілді.

 
<< Басы < Алдыңғы 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 Келесі > Соңы >>

Бет: 138. Барлығы: 196.

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Жүйеге кіру



Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі