Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тілдарын» олимпиадасы туралы

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 13 желтоқсанында Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі базасында қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық «Тілдарын» олимпиадасы оздырылды.

 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қол добынан «Ұшқыр доп» облыстық турнирі

Білім басқармасының 2016 жылғы жоспарына сәйкес 13-14 желтоқсан күндері Орал қаласының №25 ЖОББМ және №42 «Ақниет» гимназиясының спорт залдарында оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп оқушыларын қол добымен жүйелі түрде шұғылдануға үгіттеу мақсатында қол добынан «Ұшқыр доп» облыстық турнирі өткізілді. Турнир дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді, жыл сайын командалардың саны артуда. Турнирге аудан, қала және облыстық мектептерінен – 9 командадан 108 оқушы қатысты.

 
I аймақтық «Әбіш оқулары» байқауы

2016 жылдың 6 - 8 желтоқсан күндері Ақтау қаласында I аймақтық «Әбіш оқулары» байқауы өтті. Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығы қарсаңында және  Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығының көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын оқушылар арасында насихаттау мақсатында өткізілді.  «Әбіш оқулары» байқауына Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан командалар қатысты.

 
«Заманауи мектеп көшбасшысы» облыстық байқауы

Мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының шығармашылық бастамаларын және көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Заманауи мектеп көшбасшысы» облыстық байқауы өткізілді.

 
Зеленов ауданы Озерный ауылындағы Киров жалпы білім беретін негізгі мектебі ғимаратының ашылуы

2016 жылдың 12 желтоқсан күні Зеленов ауданы Озерный  ауылындағы 48 оқушыға арналған Киров жалпы білім беретін негізгі мектебінің жаңа ғимараты ашылды. Құрылыс жұмысын «СКФ  Отделстрой»  ЖСШ  жүргізді. Мектеп құрылысына жергілікті бюджет есебінен 217 млн теңге қаражат жұмсалды.

 
<< Басы < Алдыңғы 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 Келесі > Соңы >>

Бет: 79. Барлығы: 196.

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Жүйеге кіру



Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі