Жаңалықтар
Ақжайығым - туған мекенім, қойнауың тұнған шежіре
28.02.2018 18:17

Кеше «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Орал «Сервис» технологиялық колледжінде туған өлке тарихын зерттеу, студенттерді ғылыми ізденіске баулу, студенттерінің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін әрі қарай дамыту мақсатында «Ақжайығым – туған мекенім, қойнауың тұнған шежіре» тақырыбымен облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.

 
Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған онлайн-кеңес
28.02.2018 14:59

Кеше қаладағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті базасында ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына кеңестік және ақпараттық көмек беру мәселесі бойынша облыстық білім беру басқармасының өкілі Ерік Тұяқовтың және психологиялық-медициналық педагогикалық кабинет басшылары мен 20 шақты ата-ананың қатысуымен онлайн-кеңес өтті.

 
«TALIS-2018» зерттеуі өтеді
27.02.2018 10:18

Үстіміздегі жылдың 26 ақпаны мен 31 наурызы аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық сабақ беру мен оқыту зерттеуі (TALIS) өтеді. Оған еліміздің халықаралық іріктеуден өткен 331 мектебі қатысуда. Зерттеуге әр білім ордасынан бір директор және 20 шақты ұстаз тартылмақ. Мектептердің репрезентативті іріктелуі Халықаралық зерттеу консорциумымен анықталды. Мектептердің директорлары мен мұғалімдерінің сауалнамаға берген жауаптары барлық мемлекеттік педагогтардың дауысын білдіретін болады. Аталмыш зерттеуге Қазақстаннан өзге 47 мемлекет қатысады.

 
«Табысқа жету формуласы: оқытамыз, үйренеміз, ізденеміз» І-ші жас педагогтер жәрмеңкесі
28.02.2018 14:56

Кеше басталған «Табысқа жету формуласы: оқытамыз, үйренеміз, ізденеміз» І-ші жас педагогтер жәрмеңкесі» бүгін мәреге жетті. Қаламыздағы Оқушылар және жастар сарайында өткен шараға облысымыздың ғана емес, Ресей Федерациясының Саратов, Самара өңірлерінің тәжірибелі және жас мамандары қатысты.

 
ХХІІІ қысқы Олимпиадаға қатысушы қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетумақсатында өткізілген спорттық шара
26.02.2018 18:40

2018 жылдың 23 – 24 ақпан күндері Бөрлі колледжінде шағын футболдан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында облыстық турнир оздырылды. Облысымыздың әр ауданынан келген 18 команда ойыншылары осымен бесінші жыл өткізіліп келе жатқан спорт додасында бақ сынасты. Биылғы жыл сайысының ерекшелігі – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті командасының қатысуы. Арнайы орта білім беретін ұйымдар мен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастық спорттық арнада да көрініс тапты.

 
<< Басы < Алдыңғы 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 Келесі > Соңы >>

Бет: 36. Барлығы: 196.

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Жүйеге кіру



Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі