Жаңалықтар
Білім сайысынан жүлдемен оралды
02.03.2018 17:19

Үстіміздегі жылдың 13-16 ақпан аралығында  Алматы қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми-жобалар конкурсы өткізілді. Оған Батыс Қазақстан облысынан 16 жоба, 18 оқушы қатысты. Нәтижесінде облысымыздың қоржынына 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальдары түсті.

 
Қоғам қайраткеріне құрмет!
02.03.2018 16:28

А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 27 ақпан күні білім ұясының 150 жылдығына, қоғам қайраткері А.Оразбаеваның туғанына 120 жыл толуына орай «Алма Оразбаева – ұстаз, қоғам қайраткері» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Басты мақсат – білім ошағының 150 жылдығына байланысты мәліметтер қорын жинақтау, мектеп түлектерінің базасын байыту, мектептің педагогикалық мұражайына қор жинақтай отырып, А.Оразбаева туралы тың деректер іздестіру, қалың жұртшылыққа мектеп аты аталып жүрген ұстаз, қоғам қайраткерінің еңбегін таныстыру болатын.

 
Жолдауға үн қосты
01.03.2018 18:33

Бүгін түстен кейін Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауын талқылауға арналған білім саласы қызметкерлерінің актив жиыны өтті. Актив отырысына облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қатысты. Осы жиында білім беру жүйесі қызметкерлері мен сала ардагерлері алдында облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова баяндама жасады.

 
Мектеп тынысымен танысты
02.03.2018 11:29

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Белсенді іс-әрекет-дарынды балаларға білім берудің іргелі негізі» тақырыбында семинар өтуде. Мектеп басшысы Самал Шайхиеваның айтуынша, семинарды ұйымдастырудағы мақсат – білім жолымен дараланған мектептің 25 жылдық іс-тәжірибесімен бөлісу, оқушыларды бейімдеп оқытуға дайындаудағы негізгі пәндерді оқыту ерекшеліктерімен, бағдарлы білім алу негіздерімен таныстыру.

 
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
01.03.2018 13:26

Бүгін Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында "Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері" тақырыбында семинар өтуде. Оған аудан әкімдерінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасарлары, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары қатысуда.

 
<< Басы < Алдыңғы 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 Келесі > Соңы >>

Бет: 35. Барлығы: 196.

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Жүйеге кіру



Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі